Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  194


Автор: Түрікмен поэзиясы

БАҚЫТ ТУЫ

Бүгін біз көтердік бақыт туын,
Бұл туда елімнің есімі.
Жеңіспен алға бас, жаңа буын,
Болашақ күтеді осыны.
Жеңімпаз еңбекте,
Көтердік бұл туды.
Білмедік күресте,
Жасқанып, қорқуды.
Желбіре, желбіре бақыт туы,
Бүгін біз көтердік жоғары.
Жойылсын, тоқталсын соғыс шуы,
Жасасын бейбіт таң рауаны.
Бүгін біз көтердік бақыт туын,
Бұл туда келешек тынысы.
Сеніммен алға бас, жаңа буын,
Құрыш күш тұлғалы ер, ірі ісі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу