Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  200


Автор: Түрікмен поэзиясы

ЖІБЕК ОРАМАЛ

Есіңде ме? Үнсіз келіп жаныма,
Орамалды сыйға тарттың тағы да.
Отты көзің жүрегімді өртеді,
Күн секілді бойлап кетті жаныма.
Ай нұрындай орамалың кіршіксіз,
Нəзік демің баурап алды мүлтіксіз.
Əсем үнің діріл қағып əн салды,
Тұтқындады, даусың таза іртіксіз.
Бақыт бізге одан кейін күлмеді,
Екеумізді екі бөліп күрмеді.
Сағыныштан жаным күйген сəттерде,
Орамалға қол созамын бүрмелі.
Ерініме тақап əкеп сүйсініп,
Өткендерді еске аламын исініп.
«Қамықпағын, жауды аяма, дос!» – деген
Дауысыңды естимін мен түйсініп.
Сүйіктім-ау, суық жақта сұрапыл,
«Адамдары мен атайын тұра тұр»,
Отан үшін отты кешемін күшті енді
Өзің берген сыйлық маған күш берді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу