Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  86


Автор: Түрікмен поэзиясы

Ашғабат

Көктем келсе сылаңдап, көз біткенді үйіріп,
Ферузаның таулары жасыл киім киініп,
Алтын қайнар атанған өзен жатса жүгіріп,
Тəтті-тəтті бұлақтан сусындайды Ашғабат,
Жігер жиып құлпырар күн-күн сайын Ашғабат.
Ашғабат, Ашғабат, жаным менің, Ашғабат,
Асқақ даңқым, отаным, арым менің, Ашғабат.
Күн ажарлы сүйіктім – бақытымның бұлағы,
Жібек жалды аты оның жалт-жұлт ойнап тұрады,
Қызға біткен назбенен көңіліңнің құмарын
Кілем терген сұлулар көтереді, Ашғабат,
Жігер жиып күн сайын өсе берші, Ашғабат.
Ашғабат, Ашғабат, жаным менің, Ашғабат,
Асқақ даңқым, Отаным, арым менің, Ашғабат.
Көтерілсем көкке мен канатты еркін қағамын,
Жатады көз алдымда гүлге оранған Қарақұм.
Араласам егерде Жейхунның ұлы каналын,
Ақ жүзіме нақ сонда нұр құяды, Ашғабат,
Жігер жиып күн сайын құлпырады, Ашғабат.
Ашғабат, Ашғабат, жаным менің, Ашғабат,
Асқақ даңқым, отаным, арым менің, Ашғабат.
Қоңыраудың күмбірі оятса əр таңында,
Туған елдің əр үні қанат болып жанына,
Туған жердің көктемі күндей нұрға малына
Бақытынан бақытқа ұмтылады Ашғабат
Жігер жиып күн сайын құлпырады Ашғабат.
Ашғабат, Ашғабат, жаным менің, Ашғабат,
Асқақ даңқым, отаным, арым менің, Ашғабат




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу