Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  90


Автор: Түрікмен поэзиясы

АЛА ҚАНАТ АҚ ҚҰСТАР

Қатып қалған сұрлана
Қара адыр да гүлденді.
Құлан жортпас құм-дала –
Қарақұмға су келді.
Су келеді шөлдерге,
Ну келеді белдерге.
Ала қанат ақ құстар,
Айдын шалқар көлдерге
Шомылыңдар сендер де!
Айдала емес баяғы,
Мұнда да əсем құстар бар.
Елім менің саялы,
Енді қайта ұшқандар.
Су келеді шөлдерге,
Ну келеді белдерге.
Алақанат ақ құстар,
Айдын шалқар көлдерге
Шомылыңдар сендер де!
Кеудесіне көтерсін
Гүлге оранған көктем-бел.
Елге келген екенсің,
Енді қайтып кетпеңдер.
Су келеді шөлдерге,
Ну келеді белдерге.
Алақанат ақ құстар,
Айдын шалқар көлдерге
Шомылыңдар сендер де!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу