Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  192


Автор: Түрікмен поэзиясы

ОТАННЫҢ ҚЫЗЫ

Таң шапақта сұлу қызды кездестірдім далада,
Білетінім, ауылда ол ерте тұрад таң ала.
Телегейдей мақта алаңы, жапырақтар күмістей,
Орамалы қызараңдап өтіп барат жағалап.
Қыз шырқайды даусы əсем, бүгін оған көңілді,
Күн қыздырып, бұлтқа бөгіп, буландырды өңірді.
Қара шамар секілденіп шашатарында қос бұрым,
Кеудесінде ордені бар аты əйгілі егінші қыз көрінді.
Жанары да жалт қараған жанды баурап алады,
Кетпенменен таң атқанда сермеді көп даланы.
Арамшөптер аласталып, топырақты қопсытып,
Ақ маржандай астықтарын жинап енді шабады.
Еріндері гүл секілді, қабақтары садақтай,
Еркелетсең күлімдейді айналаны сабақтай.
Құрбыларын жеңіп еңбек бəйгесінде бір өзі,
Інжу терін сүртеді көп бойдан аққан салақтай.
Ол айтады: «Əрбір сағат қымбат бізге көктемде,
Сарбаздардай сақтанамыз мақта үшін көк белде.
Жұмысқа біз аттанамыз, жүрегіміз жанып тұр...»
Бесжылдықты орындап сап, үлгі болды көптерге.
Аста-төкте астық жайлы хабар елге тарады..
Мақтанымыз сұлу қыздың еңбегі мен жанары.
Дəріптейді біздің ауыл... саз тербейді маңайды,
Таң сəріде бақыт жайлы əнге балқып салады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу