Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  96


Автор: Түрікмен поэзиясы

КАВКАЗ

Асқаралы ақиық тау, қасиетті, уа, Кавказ,
Сен ғұмырлық көктемсің бір, саған қарап көз тоймас.
Құйындатып өтер уақыт, уақыт деген сайгүлік.
Сонда да сен өзгермейсің, сенің көркің мəңгілік.
Үні болып тасбұлақтың, сыбдыры боп гүлдердің
Өтер сенің тіршілікке толы жарқын күндерің.
Осы жердің сəукелесі сияқты шың-құздарың,
Гүл жайнаған бақтарың да секілді өз қыздарың.
Хош иісті көк шалғынды аңғарында бұл күнің,
Естен тана əн шырқайды бақыт құсы – бұлбұлың.
Балыққа бай суларыңа, тауларыңа қаладан,
Əр ауылдан дем алуға кеп жатады көп адам.
О, қаралы ауыр күндер,
О, Кавказым, сүйікті!
Қанішер жау ойда жоқта келіп саған килікті.
Қалшылдаған қысты əкеліп, өлтіруге көктемді,
Арам құзғын шыңдарыңа саңғып, зəрін төккен-ді.
Қаталап кеп тұмсығымен тасқыныңа бас қойды,
Тырнағымен бүріп бақты тау етегін, тасты ойды.
Ата жаудың шөлін онда ажал ғана қандырар,
Зұлым дұшпан етті сонда қанды тамақ, қанды нəр.
Қызыл қанмен батпақ қылды жолдың шаңын жау деген,
Өліктерден қорған жасап, қатар қойды тауменен.
Олар шыңға өрмеледі, өрмеледі мұзбенен,
Ормандарға еніп кетті, арпалысып бізбенен.
Жұлмақ болып маржан таудың, райханын, шоқ гүлін
Сумаңдатты тіршілікке жалаңдаған от тілін.
О, Кавказым, сонда ғой сен шақ тұрдың,
Фашистерді шың басынан лақтарша лақтырдың.
Тұман басып, қуаныш пен бақыт күні тұтылды,
Сонда саған Елдің өзі жəрдем бере ұмтылды.
Ерттеп мініп отырдың сен бурыл тұлпар үстінде,
Шақырды ашу қанжарлар да, жөні келді істің де.
Шабуылды кетті бастап халық кекті, өшпенді.
«Өкінеді дұшпан енді, қарасы оның өшті енді!» –
Таянды ажал, басталды өстіп қанды тырнақ жауға сын,
Кетті құйып бастарына балқыған ақ қорғасын.
Теңізде де, құрлықта да, аспанда да, тауда да
Өтпен үкім жазды олар күні біткен жауына.
Баку елдің жүрегіндей, байқадым мен ұшқанда,
Біздер оны сын сағатта сыйпатпадық дұшпанға.
Уа, Кавказ, Баку сенің байлығыңның бас көзі.
Бəсекелес басқа жерді кеудесімен басты өзі.
Енді қанша қаптаса да қан аралас тасқын су,
Енді қанша төксе-дағы қанды тырнақ басқыншы,
Жұлдыз біткен Айдың өзін тас-талқан ғып үксе де,
Жер аспанға шықса-дағы, аспан жерге түссе де,
Қанқұмарлар аяқ баспас өр кеуделі тауыңа,
Құзғын ұшып келмес енді сенің бақша, бауыңа.
Асқаралы ақиық тау, қасиетті, уа, Кавказ,
Сен ғұмырлық көктемсің бір, саған қарап көз тоймас.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу