Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  96


Автор: Түрікмен поэзиясы

ТАНКИСТ ДОСЫМА

Танкіңнің бүгінгі дүбірі,
Қырық бесті есіме салады.
Шаң-дауыл көтеріп күбірі
Берлиннің жарылған қамалы.
Күл-түтек көшені қақ бөліп,
Рейхстагқа біз үшін жол аштың.
Дедің сен: «Көп күткен шақ келіп!»,
Шаң-тозаң ішінен қарастың.
Ашқантың кеп люктің сен шатырын,
Жан-жақтан оқ боран жаудырды.
Сол бейнең тамсантып, батырым,
Тұлғасын жадымда қалдырды.
Орал да шыңдады шымыр қып,
Оранған оттардан өткенсің.
Рейхстагтың төбесін тұғыр қып,
Оған ту қадауға жеткенсің.
Сол кезден жылдар да жылжыды,
Сом бейнең сақтаулы, танкист дос.
Ұмытпас елің бар мың жылды,
Ерлігің мақтаулы, танкист дос!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу