Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  74


Автор: Түрікмен поэзиясы

ШАБУЫЛ АЛДЫНДА

Минуттан соң басталмақшы шешуші соғыс шайқас қан,
Армандайсың, бір сəт қысып кірпігіңді айқасқан.
Оттар жанып, түк көрінбес түтін түтеп айналаң,
Құстай ұшқан армандарың қайда кетті ұйқасқан?
Қазір бəлкім, сүйіктіңнің үстінде ұшып жүр ме екен?
Əлде арманың, алғы шепте алысқалы тұр ма екен,
Шабуылды бастау үшін лап етуге жол іздеп,
Дабыл қағар кернейлерде аттан салар үн бе екен?
Тыныштыққа төбеден тас құлағандайын жорықта,
Командирдің шешуші үні бұйрық етті полкқа.
Суға келіп күмп еткендей шабуылға шығасың,
Кеңістік жоқ бар алапты сүңгі жарар орып та.
Қорықсаң да, торықсаң да жеңіс үшін алға бас,
Өлім мен от аяқ асты жатар жолды аңдамас.
Кім көреген, сол көреді асқақ арманды алдағы,
Жолдан алар дұшпандарды, жауыздарды таңдамас.
Минуттан соң, басталады өткір соғыс тайсалмас,
Алға басар жаудан қайтпас сырбаз, қайсар жас.
Рухы мықты, ары адалдар ел тағдырын ойлайды.
Нағыз ерді шайқаста да, айқаста да жай шалмас!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу