Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  94


Автор: Түрікмен поэзиясы

МЕНІҢ АРМАНЫМ

Ұмытылмас қамыт киген мойындар!
Оны білсең кедей-кепшік мойындар.
Құм мен бақтың барлығында түрмелер,
Көрінбейтін шынжырлар мен шойындар.
Ол келді де шынжырды үзді майырып,
Сыңғыр етті бөлгенінде айырып.
Жүрегіміз жана-жағына жалтақтап,
Саңғыр дыбыс бере ме деп қайыр-құт.
Сақтаушының қолы күшті, қатал-ақ
Алаулайды азаттық нұр, шапағат.
Жолдар ашық, мақсат жақын алдағы
Азаттыққа бұл халықты апарад.
Бала күнде армандаушы ем тілеулі,
Білмейтінмін кім, əйтеуір, біреуді.
Қас батырды тұлпар мінген астына,
Хан мен патша қарсы тұрмас шын ерді.
Жылдар өтті артқа тастап түс бəрін,
Ертегі де, кітап та емес тысқары үн.
Бұл өмірдің кітабынан оқыдым:
Арманым боп шақырады – құштарым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу