Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  270


Автор: Түрікмен поэзиясы

АТПА, АҢШЫ, КИІКТІ

Атпа, аңшы, киікті!
Арманы бар жан екен.
Көп тартыпты күйікті,
Ұрттам суға зар екен.
Су іздеп, кезіп қияны,
Тартыпты жердің танабын.
Қалай көзің қияды,
Көрсетпей күткен каналын?
Санаулы ғана күн қалды
Мақсатына жетуге,
Құмға канал жол салды
Шөлді гүл-бақ етуге.
Канал құмды қаңтарып,
Береді шөлге береке.
Каналды киік қарсы алып,
Құралай құрар мереке.
Атпа, аңшы, киікті!
Аяшы оның ақ жанын.
Сусыз өмір сүріпті,
Ардақташы арманын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу