Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  108


Автор: Түрікмен поэзиясы

ТАУЛАР

Алыс сапар жол кешкенде ертеде,
Кавказда боп, кездестім мен, тауларым!
Тоғыз күнде Қара теңізді мен кере,
Міне, Ажарыда кездестім мен, тауларым!
Күн шуағы, жарды шапақ тұманды,
Жайран қашты аңшылардан қуған тауда құланды.
Өздеріңе жетемін деп қорықсам да төменде,
Əйтсе де мен, мойындаттым, тауларым!
Құзар шың мен биік таулар төрдегі,
Таспен тарпып сілеусіндер өрледі.
Шыңдарың тұр, асқақтайды күнбе-күн,
Жараланып жеттім саған, тауларым!
Жаңа орман қаулап өскен етегі,
Бүркіт құстар айналады жетелі.
Тағат таппай жүрек дүрсіл қағады,
Қанат бітіп самғап сана кетеді, тауларым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу