Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  99


Автор: Түрікмен поэзиясы

ДҮНИЕ БЕЙНЕ ҚЫЗЫЛ ГҮЛ

Жүрегімді жарып шығып шаттық үн,
Қиялыммен кең даланы кеземін.
Жерде – самал, көкте – қанат қақты
Күн,
Дүние – бейне қызыл гүл деп сеземін.
Жер де айрылып алты айшылық
ызғардан,
Күлімдейді қуанышқа, батып-ақ.
Мерекеге баратұғын қыздардай,
Қызыл-жасыл гүлге еніпті атырап.
Еркін еңбек, ерлік қимыл айналаң,
Қызу жандар, жағаласқан, жарысқан.
Бір мезгілде бұлбұл ма əлде сайраған,
Асқақтаған əн естілді алыстан.
Тракторшы бастап еді бұл əнді,
Қандай күшті, қандай əсем мақамы!
Əнге қоса, қыса түсіп рульді,
Батырады тереңірек соқаны.
Темір тұлпар келеді əне алысып,
Будақтатьш түтіндерін танаудан.
Жігіт қолы қалды рульге жабысып,
Моторлар да басты əнге сан алуан.
Түрендері тың қыртысын омырып,
Дөңгелектер жылжып, алға басады,
Балуандай кеткен терге шомылып,
Маңайына майлы терін шашады.
Өнім үшін жатқан терең жердегі,
Қызса бүгін ерлік күрес, ұрыстар,
Жанып ертең диқандардың еңбегі,
Алтын дəн мен ақ мақтаны уыстар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу