Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  164


Автор: Түрікмен поэзиясы

ТҮРІКМЕНИЯМ МЕНІҢ

Көктен күн шуақ шашыпты,
Айтады ел нұрлы өлке деп.
Бұл жерді түнек басыпты
Осыдан сəл-ақ ертерек.
Елжіреп күні тұрса да
Түнектен көзін ашпапты.
Бой жазуға жоқ мұрша да,
Шыжғырып аптап қақтапты.
Кім айтар онда бұл жерді,
Күн елі Түрікменстан деп?
«Жаратқан қорғап біздерді,
Қалықтап əн де ұшақан жоқ».
Жаңа күн туды, нұр атты,
Даңқ боп құлаш сермеген.
Жалыны қандай шуақты,
Мейірімді сəуле мелдеген!
Түнектен шыққан жарық Күн
Теңдікке есе беріпті.
Бақытын жырла халықтың,
Ақыным, сөз тап көрікті.
Жебе боп атыл жауыңа,
Дұшпанның бетін қайырғын.
Ескі өмір қалды адыра,
Күйресін пəле, қағындың.
Бостандық!
Елді түлетіп,
Өлкемді нұрға бөледі.
Өзге елмен шық тіресіп,
Адымдап алда келеді!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу