Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  99


Автор: Түрікмен поэзиясы

Мүлгіген дала төсінде қайтты аптап демі....

Мүлгіген дала төсінде қайтты аптап демі.
Жас шағым қайта менімен қауышты келіп.
Сонау бір жылы Əмудың жағасында осы
Азаттық туы астында топтасқан едік.
Буырыл тартты басым да, көбейіпті ағы,
Əйтсе де жаңа жеңіске жетіпті қолым.
Ізімді басып кешегі қуантты тағы,
Ұлым мен қызым жалғаумен əкелер жолын.
Достарым менің, ізбасар, мұрагерлерім,
Тер төкті туған Отанның жасартып жерін.
Амуден бастап Каспийге дейінгі аймақта
Қызады еңбек, құмды алқап басады шөлін.
Баянды бақ пен келешек өмірге сеніп,
Бұл жерде бір кез қан төгіп шайқасқан едік.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу