Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  96


Автор: Түрікмен поэзиясы

ЖОЛДА

Пойыз жүйткіп, ауыл бұлтқа сіңуде,
Жөңкіген құм, қалуда артта шартарап.
Дөңгелектер дүбір қосты дүбірге,
Нотадағы əн ырғағын қайталап...
Қызықтаймын күннің соңғы сəулесін,
Жастық шағым жанарымда тіріліп.
Біз Каспийде жүрдік жаумен белдесіп,
Азаттықа жетсек деген ұлы үміт.
Етік тозған... Оқ-дəрі де түгескен,
Қабір құшты біздің небір есіл ер.
Лондон жауды жарақтаумен түлеткен,
Сонда да олар күші жетпей өкінер.
Сегіз жүзбіз, сана мейлі, санама,
Олар – он мың, екі жақ та аңдыспақ.
Быт-шыт болар таба алмай еш шара да,
Жылым жұтып, қайырлаған салға ұқсап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу