Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  84


Автор: Түрікмен поэзиясы

БƏРІ ДЕ БІЗДІКІ

Жүздеген өзен, мың бұлақ
Суы да бүгін біздікі.
Құлпырған дала, гүл құрақ
Нуы да бүгін біздікі.
Бір ғана жыл ішінде,
Дүр сілкінді бай дала.
Дау-талассыз бір күнде
Нұрға толды айнала.
Жарлы-жалшы бірлесіп
Жау тағдырын қолға алдық.
Туған Отан – нұр бесік,
Болашағын толғандық.
Жарқырады нұрлы отан
Еңбек туын көтеріп.
Бас кетерді барлық жан,
Келер күнге жол шегіп.
Келді уақыт талпынар,
Ұл мен қызы халықтың.
Бірігіңдер, жалшылар
Сəлем саған, жарық күн




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу