Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  131


Автор: Түрікмен поэзиясы

ПАЛАУЫМ – ЖАНЫМ, ПЕЙІЛІМ...

Дəмді ас бар ма ғаламда,
Пейілім, жаным – бұл палау!
Əңгіме шертіп сан алуан,
Қонақ қып елді тұрсам-ау!
Жүзімнен қосып ептеген
Дəмдесе кетер бал татып.
Мінəжат етіп көппенен,
Отырса сұқбат жалғасып.
Дайын тұр палау! Кел үйге,
Дастарқан ашты ажарын.
Көсілсін қонақ төрімде,
Пейілім, жаным – палауым!
Кедейлер жетсін тілекке,
Сыйлайтын бəрін серімін.
Кермолла ырза сүйекке,
Палауым – жаным, пейілім!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу