Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  96


Автор: Түрікмен поэзиясы

ҚАЛЫҚТАЙДЫ ҚЫРАНДАР

Достым, біздің байырғы жер Балқан тауда,
Талай кезден жігіттер бар ары мықты.
Мəрт мінезді, күш жігерді талқандауға
Таудың салқын табиғаты дарытыпты.
Жеміс-жидек, тергеніңде артып құмар,
Тау қыраты, орман ішін қараса бұл.
Жұпар иісі шөптің шүйгін аңқып тұрар,
Жүрегіңді жырға бөлер тамаша бір.
Тауларда көп жүйрік, жылдам жайрандар,
Алма ағаштар жапырағын жайған бар.
Ну орман мен бау-бақшада бітескен,
Шүйгін шөпте ою-өрнек сайрандар.
Көктемгі бұлт, түтіндер кеп қауларда,
Алтын жаңбыр жауады кеп тауларда.
Қандай есім берсең дағы дəріптеп,
Бəрі аласа алып тұлға тауларға.
Қырандардың көзі қандай қырағы,
Ақ тұйғын құс айласын көп сынады.
Құстың тілін түсінсе егер біреулер,
Соған қонар таудың текті қыраны.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу