Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  108


Автор: Түрікмен поэзиясы

ТАУЛАР

Жаса, жаса, қалың шатыр,
Кешқұрымда туған тауда!
Əңгімелер жанға жақын,
Шертілді сан туған тауда.
Аңға шығып тау жарында,
Шақпақ таспен от та жақтым.
Аңын көріп аңғарында,
Мылтығымды, оқтап аттым.
Тау бұлақтың самаласын,
Қуныш пен көлеңкені,
Жемісін орман таба аласың,
Туған таудан өлкемдегі.
Көктем кеп қыс еріген ең
Аппақ қар тау басын шалды.
.Біздің қыздар меніменен
Туған тауда асыр салды.
Тəкаппар тау, жары биік,
Маралым сен, сəні киік,
Жалғыз өзім тебіреніп,
Тауда жаттым жаным иіп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу