Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  84


Автор: Түрікмен поэзиясы

МАҒАН

Алқызыл сұлу жүзіңді көрсем,
Қол созып, ал менің еркімді.
Жүрегіме сырды үзілтіп берсең,
Емдейді шерлі дертімді.
Жастық шақ – көктем, данышпан білер,
Ал, ақымақтарға тек тықыр.
Қып-қысқа ғұмыр алыстан күлер,
Жастық шағын оның текті қыл!
Алқызыл көйлек киіп кел маған,
Отыңа өртенем тамсанып.
Кеудеме кеуде тиіп бер таман,
Армандап соны аңсадық.
Сенімен болсам мəңгілік бірге,
Гүл болып өсем бағыңа.
Айналдырып жанды əңгүдіктікке,
Сағындырып қоймақсың тағы да.
Дəулет Мəмет зарлайды жырмен:
Махаббатсыз өмір бос;
Жібітіп беріп таңдайды нұрмен,
Тілегім беріп, көңіл қос!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу