👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  05.10.2022
  82


Автор: Түрікмен поэзиясы

ЖӨН ЕМЕС

Өсер жұрттың ынтымақпен көсегесі кегерер,
Ағайынға аузы ала боп, ырылдасқан жөн емес.
Болған істің қайырын күт, қайғысына көне бер,
Басты ауыртып босқа еңіреп шуылдасқан жөн емес.
Халық үшін жас ер керек ақ алмастай кесетін,
Арыстандай арпалысып жібермейтін есесін,
Əңгімеге жөн сөз керек іс түйінін шешетін,
Құр бекерге қызарақтап дуылдасқан жөн емес.
Өз жанының оты сөніп, жаутаңдаған өзгеге
Шариғатты жатқа айтса да, ақыл деме, сөз деме,
Ондай жаннан қолдау күтпе, одан қайыр көздеме,
Кез келгенді пірге сайып бас шұлғыған жөн емес.
Құлшылық қыл буыршындай буырқанған еріңе,
Өле-өлгенше жанталасып жанын салар еліне,
Əйітпесеңіз, бақташысыз айдап салып бөріге,
Көз алдыңда бар малыңды бос қырғызған жөн емес.
Дос жаранмен болсын бірге соңғы дəм мен баспана,
Олар берсе, құр кекшиме, қара суын ас сана.
Миың болса, Кəтибидің сөзін жерге тастама,
Есерлермен дауласам деп басқа ұрғызған жөн емес.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы