Өлеңдер ✍️

  05.10.2022
  295


Автор: Түрікмен поэзиясы

КӨКНƏРШЫЛАР

Туған үйден көкнəрлардың көгалы артық оларға,
Өлім уын сепкен оған қуанышы көкнəрдың.
Палауға жоқ! Тиын берші, бір күндік нан аларға!
Күннен-күнге солдырады уланышы көкнəрдың.
Қалғып-шұлғып əр бұрышта отыр, əне, мəңгіріп,
Əңкі-тəңкі, көзі аларып, қарағаны əңгүдік.
Өмір емес, армандары – көкке тұман түтету,
Адам мен жер рақаттары керек емес мəңгілік.
Кесесінен уланған шай ішіп əлек тынысы,
Мынау кесе – тамсандырған тəтті қиял ыдысы.
Өлі халде олар да бір көбелек. Адамдардан қашады,
Дозақтайын ақиқаттан қашқақтайды көкнаршы.
Тістері жоқ, бет-өңдері кеуіп кеткен сап-сары,
Шүңірейіп ішке кірген көздері, сақалдары ақсары.
Құрт ауру келсе дағы түк болмайды оларға,
Өткен-кеткен қарасына уланады көкнаршы.
Зинхаридің пікірі бар: ақыл-кеңес керек емес оларға,
Сəлде астында сұмдық осы таралуда жаранға.
Тобырлардан қайсы болсын сатып, тауып алады,
Осы міне – көкнар үшін көкнаршылар талабы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу