Өлеңдер ✍️

  05.10.2022
  90


Автор: Түрікмен поэзиясы

СИЯҚТЫ

Бейбітшілік, келісім жоқ арасында туыстың,
Достар жеріп, сүйікті дос жалықтырған сияқты.
Кездескенде тіл байланып, сəлеммен тек суыстың,
Жаныңнан кеп жанап өтер, танып тұрған сияқты.
Шамаң келсе, қонақ қарсы ал, қақпаны аш,
Кедей болсаң ешбір досың есігіңе тоқтамас.
Сүйегі жоқ сұйық болса егер сөздерің,
Үрген иттей қадірің жоқ, лақпа бос.
Шайқаса алар ержүректер халқына бақ əперер.
Ал, қорқақтар масыл болып, елге зұлмат əкелер.
Өткір тілі өңменге өтіп, өзегіңді өртейді,
Темір сына секілді, жүрегіңе қатер ол.
Жарқыраған алтын сəуле көз байлап,
Жақын досты ашу-ыза көндіреді жез қайрақ.
Жүз түменге сөз айтқанмен көсемсіп,
Шаң қаптырған сияқты тиын бермес созбайлап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу