Өлеңдер ✍️

  05.10.2022
  85


Автор: Түрікмен поэзиясы

БӨЛІНУ

Жер бетінде қанша жол жүріп өтсең де,
Уақыты келіп, тəннен жаның бөлінер.
Салғыласқан өтірік пен шын, көп сенбе,
Бастан сана айырылғанда бəрі бөлінер.
Қыс – кəрілік ұйықтатар жүректі,
Махаббат та оята алмас түнекті.
Дірілдеп тізе, көзіңді түнек басады,
Қисық қабырға күші тайғанда бөлінер.
Кім пайғамбар, кім аяр? Адамды қалай танырсың:
Тілінен тəтті у тамды ма, бал тамды ма, жаңылсын?
Аузың толы тіс болса да, – шөп қана жеп тамақтан,
Мың тағамнан ажыратар дəм қалай бөлінер.
Қиналғанда əкеміздей бізге жəрдем таратқан,
Күлден бүкіл ғаламшарды жасай білген Жаратқан.
Бəлекет жігіт соңғы лағынан айырылар,
Кепкен жапырақтай ақшаларын талатқан, бөлінер.
Сөз бен істі ерте ойланып, абайла сен қалайда,
Қырыққа дейін бейнетсіз жет, жарай ма?!
Шарапқа толы шарадай басың мидан бір күн –
Айырылар, келген бұл зұлмат талайға, бөлінер.
Өлгеннен соң керек бізге еске алардай естелік.
Өміріңнің əр сəті ыстық тірі болсаң көшке еріп.
«Жесір қылма, Жаратқан!» деп жалбарынсын көк аспан,
Көрге кірер жарың жəне бірге жүрген дос келіп, бөлінер.
Екіжүзді достарыңды босағадан жіберме.
Көргенсізді жек көре біл, Ашики, қуана біл, түнерме!
Жиырма бес жас – жастық шақтың мезгілі,
Ол да кетер бүлік бастан бағынбаған жүгенге, бөлінер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу