Өлеңдер ✍️

  05.10.2022
  133


Автор: Түрікмен поэзиясы

КƏРІЛІК

Əлдеқашан тарқап жастық базары,
Беттен тайды жігіттіктің ажары.
Ендігі ем – тура келген ажалы,
Кəріліктен жаман дерт жоқ, достарым.
Ауру да аз шипа-емі табылмас,
Бірақ қарттық ешқашанда жазылмас,
Бұған келсе, ажал шіркін жаңылмас,
Кəріліктен жаман дерт жоқ, достарым.
Жөні түзу ауызда бір тісім жоқ,
Махаббатпен енді менің ісім жоқ,
Жұртқа ұнар, жарасымды түсім жоқ,
Кəріліктен жаман дерт жоқ, достарым.
Деме балаң қартайғанда қарайды,
Жатыпішер бір масылға санайды,
Шалдың үстін енді кімдер жамайды?
Кəріліктен жаман дерт жоқ, достарым.
Еңсем түсті, ұстай алмай өзімді,
Тыңдамайды балам да айтқан сезімді,
Күңгірттеніп, шел де басты көзімді,
Кəріліктен жаман дерт жоқ, достарым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу