Өлеңдер ✍️

  05.10.2022
  176


Автор: Түрікмен поэзиясы

Бойжеткен

Ұқсамайсың керген түске бұрынғы,
Бейіште сен жаралдың ба, бойжеткен.
Ақ төсіңді аймалаған бұрымды
Жырға қосып жабығамын, бойжеткен!
Қалтырайды ханша біткен алдыңда,
Сұлуларды алдыңа сен салдың ба?!
Махаббаттың құшағында қалдың да,
Лəйлі қыздай атың шықты, бойжеткен!
Тұлғаң сұлу Алма ма əлде ажарың?
Тісің – мəрмəр, ерінің – бал, о жаным.
Тəңірім кімнің маңдайына жазарын
Біле алмадым, білмедім мен, бойжеткен!
Қызғалдақтай алыпты деп киініп,
Күн сыпатты тақияңа сүйініп,
Непес сенің құдіретіңе иіліп,
Жырға қосар он үш жасар бойжеткен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу