Өлеңдер ✍️

  05.10.2022
  85


Автор: Түрікмен поэзиясы

БИ-ҚАЗЫМ

Жолың болсын, – шығасың сен сапарға!
Қырда құйын, жел ойнақтап жүр, қазым!
Менің батам сені жолда атар да,
Мертігер-ау, белің мықтап, би-қазым!
Жүру қиын, күн күйіп тұр барынша.
Емдеу қиын, жүрек кенет жарылса!
Ешкі киік бола алмайды жалынса,
Қайтіп жазық белге шықпақ, би-қазым!
Ел сөзінше – сен өтірікші куəсің!
Елдің сөзі – ақиқат сөз, ұғасың!
Жалған сөзді саудаға сап тұрасың
Сатып алам деген жұртқа-ақ, би-қазым!
Кеминенің батасынан өлерсің.
Сен – халқыма қадалған бір кенесің.
Кек алатын күн де келер, керерсің, –
Əлі-ақ сені кедей құртпақ, би-қазым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу