Өлеңдер ✍️

  05.10.2022
  73


Автор: Түрікмен поэзиясы

ДƏУЛЕТ-ЖАР

1
Тауларды көрмей күндерім есіл өте де берді,
Сырымды ұғып, сөзімді бұл мақұлдадыңдар, тауларым
Жүйрігім мінген жұлқынып жетеді енді,
Жақын қалдыңдар, жақындадыңдар, тауларым!
Жүйткіген жүйрік шабысы жұбанышым болды,
Қылшылдап қылыш қырғидай бектерді шапты.
Таулардың таза мейірлі иесі қуанышым болды,
Көкорай гүлдер текемет төсеп бөктерді жапты.
Тұлпарым менің – айдаһар тектес, жолдасым дер ем,
Жансерігім боп жанымда болды жол басып ерен.
Отаным үшін от кешіп, белдескенде төпелеп жаулар,
Тұлпарым болды серігім менің көңілімді аулар!
Ел үшін өзім басымды аман сақтауым керек,
Алдында елдің борышымды адал ақтауым керек.
Қылышпен шауып, қылышпен отап, қылышпен сеуіп,
Тау! Даңқыңды биік көтеріп, жақтауым керек!
Жардан жалғыз жапа шегіп құласа егер,
Дəулет-Жар шайқасқанда шауып жаулар,
Біздер үшін қайнаған күн мына шебер,
Қанды тұманға айналар, бəлкім, алып таулар!
2
Аттарды ертте! Шайқасатын сəт келді!
Кезі келді алға бастар əскерді.
Отан үшін аттанайық соғысқа!
Бұйырады, бəлкім, бізге бақты енді!
Ысқырып жебе, адырнадан аңырап,
Тұлпар тулап, бұлттарды бұзып ақ нулы,
Жотадан көбік жапалақтар жамырап,
Шаңды көкке көтеретін шақ туды.
Алтын тəждің даңқы өрледі асқақтап!
Біздікі ол! Садағыңды тарт, мерген!
Күні қараң қамыт киген бас қаптап,
Жалбарынар сəті бітті ант берген!
Дəулет-Жар тура, шындығы зор ерім ең,
Шындық пен шайқас – міне біздің заң қатал.
Соғыс үшін туғандар ол менімен,
Жан беріскен жауынгерлер, алға тарт!
3
Шайқас деген – жиын той. Жиын тойда секілді,
Жоғалтуың оп-оңай басың кетіп кекілді.
Маздатыңдар тайсалмай, жастық отын алаулы
Жалған дүние бес күндік бере бермес кепілді.
Алаңында шайқастың бəрі бірдей тең болар,
Бай мен кедей теңесіп, осы жерде тең қонар.
Қорқақ бірақ, қорынып, иттен қашқан қояндай,
Атысты естіп алаңнан қашып кетіп жем болар.
Ал, жауынгер сауықтап, сайран салып күледі,
Астында аты ытқырып, қыран құстай түледі.
Ерлігі оның қарыштап, жүз есе артты көсемдей,
Еркіндікті аңсайды, елі үшін жүрегі.
Қанды шайқас қайыспас Дəулет-Жардың сауығы,
Бұл сауықты мойындап, сүймегендер қауымы,
Жер жастанып, көрге еніп, жер астында қараңғы,
Түсіне енсін ендеше еркіндіктің дауылы!
4
Шаттық берген жылдарым мен күндерім,
Маған рақат қиыпсыңдар, қоштасам!
Таубұлақтың ашқан қайнар тірнегін,
Асқар таулар, биік шыңдар, қоштасам!
Бұлбұл құсы бұла түнде сайраған,
Аш адамға назары ауып таймаған,
Анар менен тəтті алмасын сайлаған,
Баулы бақша, қоштасам!
Жазық дала кеңістікте кеңінен,
Жүйрік атпен жүйткіп, шауып, сар желген,
Жүріп өту туған елдің жерімен,
Бақыт еді, жолдар енді, қоштасам!
Шаршағанға шабыт берген, күш беріп,
Шөлдеп келіп, еміреніп, ішке еніп,
Жүзден де көп, мыңнан аса түстеніп,
Суыңды ішкен бұлақтарым, қоштасам!
Үйрек-қаздар сауық қылған қаңқылдап,
Құдай нұры құйылған жер жарқылдап,
Жарқырайды, өшпес мəңгі жалтылдап,
Көркі артқан көлдеріммен, қоштасам!
Ай сəулесі төбемізден қараған,
Күн шуағы жерге нұры тараған,
Дəулет-Жардың жүрегіне сан алуан,
Мықты сенім сыйладыңдар, қоштасам!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу