Өлеңдер ✍️

  05.10.2022
  77


Автор: Түрікмен поэзиясы

Не керек

Жігітке жүректе оты бар,
Нəркес нəзік жар керек.
Жігітке астында аты бар,
Қылышы қындағы сəн беред.
Сүймесек біз ғашық болмаймыз,
Қорқақ та батырға айналмас.
Жомарт бол! Кеңдікті қолдаймыз,
Сараңдар жомартқа айналмас.
Көрінді шашқа ақ кіргені,
Бекер сөз сөйледің қапаста.
Жақсы еді иттердің үргені!
Əбігер керек тек топасқа!
Бойжеткен – көктемдей аялы,
Ал, кемпір – ол да бір сөнген от.
Сен сөзсіз сұлусың саялы,
Əйелге əдемі өң керек!
Түр-жігіт жасынды жырысың,
Мен ақын Мағрупи жырлаймын!
Қай жақта тұлпар мен қылышың!
Соғыста ерлік пен қол керек!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу