Өлеңдер ✍️

  05.10.2022
  160


Автор: Түрікмен поэзиясы

ПАШ ЕТЕР

Сырлас болма ешқашанда наданмен,
Құпиянды кез келгенге паш етер.
Көрші болма ұры-қары адаммен,
Малыңды ұрлап, тамағыңды аш етер.
Кеңес құрма пендеменен дəйексіз,
Оның сөзі болар нəрсіз, мəйексіз.
Қадір білер досқа ғана керекпіз,
Бара қалсаң ақыл сұрап, бас етер.
Асыл жігіт армандаса ғашығын,
Пасық жігіт қимылдайды жасырын.
Біреулердің қызғанумен асылын,
Құрметтейтін досыңменен қас етер.
Сопы айтса жаңылдырмас сананы,
Таңсəріден жаппа ешкімге жаланы.
Айыра бір аппақ пенен қараны,
Дозақ оты шыбын жанды еш етер.
Мақтымқұлы, айттық елге өсиет,
Өсиеттің ақиқаты осы деп.
Құдай берсе салауатты бір перзент,
Қартайғанда ғұмырыңды жас етер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу