Өлеңдер ✍️

  05.10.2022
  121


Автор: Түрікмен поэзиясы

Болмайды

Биік таудың басында тұр үш терек,
Бір тамырсыз оны қосып болмайды.
Мехнатты көтеретін күш керек,
Бір тағдырсыз оны тосып болмайды.
Əр діңгектен болмас биік мұнара,
Жаман қатын алғаннан жөн сұрама.
Басын кесіп, қанын төгіп ұраға,
Не өлтіріп, не саудалап болмайды.
Ел ішінде биіктесе мəртебең,
Ағайынға кімдер артық бар сенен,
Маңдайыңа жазылған бақ болса кем,
Менікі деп жан сауғалап болмайды.
Біреуге мал, біреулерге жан қайғы,
Пақыр – көрге, байлар төрге жантайды.
Бай адамдар тағы байлық аңсайды,
Қанағтсыз жанды аңдап болмайды.
Əркім дағы құшақ жаяр жапанға,
Денсаулықтан артық не бар жаһанда,
Дүние қуған түсер түбі апанға,
Обырларға ақыл талғап болмайды.
Жанарсыздар «көзім!» дейді көрмесе,
Ақсақ қайтпек – таяғына ермесе.
Пақыр қайтпек – тілек тəңір бермесе,
«Тек маған!» деп сұрап алып болмайды.
Мақтымқұлы, айтқан тілді алмаса,
Кеуделерде ақыл-сана болмаса,
Ер азамат сүйген жарын алмаса –
Отбасында еш тыныштық болмайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу