Өлеңдер ✍️

  05.10.2022
  107


Автор: Түрікмен поэзиясы

ТАППАСЫҢ

Не бір істі таразыға салғанмен,
Тағдыр – тəлкек, оған жауап таппасың.
Ел тынысын кеңейтсін əр алған дем,
Жер астына түссең – сауап таппасың.
Жаман істің жеңіл емес жарасы,
Жақсы істің жайлы болар панасы.
Осыны ұқ, əй, адамның баласы –
Ғалымдар кемсітілсе, əдеп таппассың.
Жиырма жаста ер жігітке не керек?
От демімен тауды өртер керемет.
Жастық шақ та өтер-кетер, не керек,
Бұл фəниден ешбір тағат таппассың.
Жігіт болып қыдыр жақсы атпенен,
Бедеу мініп, қыдыр перизатпенен.
Өміріңді өткіз жамағатпенен –
Бұдан артық жайсаң абат таппассың.
Мақтымқұлы, шабыт саған дос болды,
Өнерің төк, қойма текке қос қолды.
Жарандар-ай, көңіл бүгін хош болды,
Кесе толы күнде шарап таппассың




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу