Өлеңдер ✍️

  05.10.2022
  151


Автор: Түрікмен поэзиясы

АТ КЕРЕК

Болам деген жігітке
Арындаған ат керек,
Толам деген жігітке
Бармақтай-ақ бақ керек.
Жету үшін халқына
Қалмау үшін қапыда,
Мəрт жігіттің атына
Бəйге керек,
Бап керек.
Үкі таққан басына,
Қына жаққан шашына,
Ер жігіттің қасына
Айдай сұлу –
Нақ керек.
Бейне құрыш, қорғасын,
Жігіт болып толғасын,
Билеп елдің ордасын
Отыратын тақ керек.
Мақтымқұлы, үгітте,
Қалдырмақсың бүгіп не?
Бұның бəрін жігітке
«Өзің іздеп тап!»дер ек!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу