Өлеңдер ✍️

  05.10.2022
  98


Автор: Түрікмен поэзиясы

СЕЛМЕНЕН

Асқар таудың басынан
Бұлт төнеді селменен,
Жігіт айтар асыл əн
Əрбір ісі елменен.
Тіл безеген аш қалар,
Алтын,
Күміс тас болар.
Жасыл сона мас болар.
Таласқанда пілменен.
Бұзау қашар жайлауға,
Сиыр көнбес айдауға.
Бие көнбес байлауға.
Алдамасаң тілменен.
Пенде безбес дінінен,
Жаман табар тілінен.
Мақтымқұлы, ірі ме ең
Тəңір тілін күрмеген?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу