Өлеңдер ✍️

  05.10.2022
  146


Автор: Түрікмен поэзиясы

ӨЗ ЕЛІМДЕ ХАН ЕДІМ

Өз елімде
Хан едім,
Ханнан да асқан жан едім.
Қараңғыда таң едім,
Таңнан дағы паң едім.
Құдай салды əлегін –
Болдым міне,
Бейшара.
Көзсіздерге көз едім,
Сөзсіздерге сөз едім,
Табаны таймас боз едім,
Хатамтайдың өзі едім,
Айналайын өз елім,
Болдым міне,
Бейшара.
Гүл ұшында бал едім,
Тіл ұшында зар едім.
Ер жігітке ар едім,
Тау басында қар едім,
Мақтымқұлы, нар едім,
Болдым міне,
Бейшара.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу