Өлеңдер ✍️

  05.10.2022
  122


Автор: Түрікмен поэзиясы

БҰЛ ДЕРТКЕ

Ғашық тауын кездім, кірдім қойнына,
Неткен азап, кім төзеді бұл дертке?
Ғашық тауын асса аспан мойнына
Аласарар – төзе білмес бұл дертке.
Ғашық оты алаулатқан шырақты,
Құсты егілтіп, бөріні де жылатты.
Асқақтаған асқар тауды құлатты,
Тас үгілді – төзе білмес бұл дертке.
Талқысына тайсалмаған кімдер бар,
Талайларды ойсыратты бұл заңғар.
Жер үстінде бəрі соған құрбандар,
Шөл де, көл де төзе білмес бұл дертке.
Жұмақ қашты, көк төбесі қақырап,
Тамұқ қашты жер астына жеті қат.
Теңіз қашты, адам қалды аһылап,
Төрт жүз жылда төзе білмес бұл дертке.
Мақтымқұлы, шарам жоқ деп түңілме,
Асылық қып, кінə артпа бұл күнге,
Қапаланба, жолыққаның бүгін бе,
Атамыздан қалған мұра –
бұл дертке?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу