Өлеңдер ✍️

  05.10.2022
  103


Автор: Түрікмен поэзиясы

Гүлзарға меңзер

Кім айға, ажарыңды кім гүлзарға меңзер,
Жүзіңнің нұры шын гүлзарға меңзер.
Беттің ұшы жəннаттың хандан гүліндей,
Алғашқы жауған ақша қарға меңзер.
Дидарың Алла-рахманның салған суреті,
Кім айға, кім гүлге – рухсарға меңзер.
Сүзілген көздерің сондай сау-саламат,
Телміріп қарауым – дертті-зарға меңзер.
Шашың буйы-Мəсиханың деміндей,
Беймаза теңізде толқынға меңзер.
Күн ғой, о, раббы, ғашықтың жамалы,
Кей кеші нұрлы таң – энварға меңзер.
Саған теңдес əлемде жоқ қой тірі жан,
Мүмкін біреу аспанда Айға меңзер?!
Төгілсе шаштарың, түйсіксіз не білсін,
Əр тасбихы оның зүннарға меңзер.
Шаншылған кірпігің бүліктің басы,
Ал, көздерің бəлкім айярға меңзер.
Кел, сопым, мұндай сиқырға қылар не дəрмен бар,
Мұсаның асасы мараға меңзер...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу