👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  426


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Қызға тілек.


(Әні бар)
Бойжетіп, қалыпсың балапаным,
Жүргенде күн ойлап бала қамын.
Өзегім, өрт болып бара жатыр,
Өзгерер бүгіннен ала таңың.



Өзгені айтарсың анашым деп,
Әкешім, бауырым, алашым деп.
Бойжетіп өзгеге кеткеніңмен,
Сен бізге, тәп -тәтті, баласың тек.


 


Сыйлағын құлыным барған елді,
Өнетін өмірің, сол жақ енді.
Сынақсыз бұл өмір болмас сірә,
Жеңе біл, ақылмен жөндеп кемді.


 


Құт болсын, қадамың шаңыраққа,
Бағыңды бағала салып аққа.
Ауылға ибалы келін атан,
Төркінді қалдырма жаман атқа.


 


Келіп кет, қонақ боп қосағыңмен,
Бақытты ғұмыр кеш ошағыңмен.
Үлгі бол, сіңліге, дос- жаранға,
Сен жақтан тек, қуаныш тосамын мен.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы