Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  461


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Көңіл толса, қуанамыз.

Жігіт
Тілегінен өрен елдің,
Арай шашты төбеден Күн!
Өзіңменен қол ұстасып,
Бақыт жеккен кеме міндім.
Сүрінсем мен, демеп едің
Тұлға болдым, кемелдендім.


 


Қыз
Бізді қолдап дала бағы,
Өзгелерден даралады.
Тіршілікті тәтті етіп,
Алла оң-нан бағалады.
Келгенменен, дара бәрі,
О, баста жұп, жаралады.

Жігіт
Жан дүниең, тұнық терең,
Жаулап алдың қылықпенен.
Адалдығың сезімімді,
Алды тағы үмітпенен.
Бас иемін тағдырыма,
Жәннат баққа үміт берген.


 


Қыз:
Жылу беріп жанымызға,
Шат орнатқан барымызға.
Өзімізден биік тұрған,
Бәлкім мықты арымыз ба?
Сын түскенмен сағымызға,
Сырып өткен, таңымыз ба?
Бақ сыйлаған бағымызға!



Жігіт пен Қыз
Көңіл толса қуанамыз,
Жақсылардан туар аңыз.
Ұрпағымыз мақтан етсін,
Пір атам деп, Күн анамыз.
Баршаңызға бақ тіледік,
Ғұмыр берсін бір Алламыз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу