Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  476


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Сіз де, сондайсыз ба…?

 


,,Сен қандай болсаң, сондаймын”
Жазып ап, сурет бетіне,
Қалдырдым жазба желіге.
Жекеме ке(лі)пті том сұрақ,
Түрленген тағдыр, төгіле.
Ішінен теріп жазайын,
Сұраққа жауап егіле.



-Сіз де, мүгедексіз бе?
-Мүгедек сынды, ой -мұңлы,
Айдаймын тілмен қой мыңды.
Дауысым жетпей биікке,
Уақытқа таңдым мойнымды.
Сен арба, мен уақытқа,
Таңғанбыз, жіпсіз ой-мыңды!


 


-Сіз де, жетімсіз бе?
-Жағдайға көңіл сөгіліп,
Жалғанға жүрем көміліп.
Қыңыр мен қиял қысқанда,
Алысам жалғыз егіліп.
Шыңымнан шындық келгенше,
Жетімге жүрем жегіліп.



-Сен мендей емессің!
-Адамсыз қайдам, қаншалық?
Алтынсыз бәлкім, соншалық?
Тырысып тіпті көрмеппін,
Ұқсауға жұртқа жан салып.
Сөз емес, ісі іріні,
Сүйемін ол рас тамсанып.
Өмірін құрар, әр пенде,
У-салып, не…. бал салып!
Өтемін тек.. өзім боп,
Болсаң да, асыл қанша ұлық!


 


-Сен не мықтысың ба?
-Сенім-нен, салған үйім бар,
Ішінде иман бұйым бар.
Тәуекел, төзім тұлпарға,
Ереді, батыр дүйім бар.
Керегем қуат, іргем кең,
Қаласаң келіп сыйыңдар.
Адамнан емес, Алладан,
Қорқатын ғана күйім бар!


 


Күлейін десем, жас алғам,
Тас емес жүрек, қашаннан.
Түсінем, мұқтаж жандарды,
Жаратқан, қалап жасаған.
Жүйкесі тозған жан ғана,
Тас атар екен тасаңнан.
Байқасам, бұлар, өзіне де..
Тілемес екен, ,,Бас аман”
Өмірді маған сезінткен,
Мен үшін сіздер, жақсы адам!
Ия, жоқ болды жауабым,
Санаңмен барсын, бақ саған!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу