03.10.2022
  76


Автор: Ертай Ашықбаев

БҮГІН МЕН КЕШЕ

Қарап тұр үнсіз терезем,
Келмей тұр қайтып кешегім —
Жатталмапты ғой ережем,
Қате шығып тұр есебім.
Тақта да бейне жат айдын,
О, кеше неге желіктім?
Тапсырмаларын апайдың
Түк орындамай келіппін.
Қасымда болды кеше кім —
Түзетсін ол да бір ісін:
Бүгінгі қате есебім —
Кешегі қате жүрісім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу