03.10.2022
  97


Автор: Ертай Ашықбаев

ҰЯ

Таң қалдым жолыққалы
Құстардың ұясына.:
Жиі кеп қонып бәрі,
Ұшады жиі асыға.
Кезекпен келеді де,
Кетеді кезекпенен.
Осының себебі не
Тынымсыз безектеген?
Жүретін ойда кілең
Сол сұрақ қиял әлі.
...Секілді аэродром
Құстардың ұялары.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу