03.10.2022
  104


Автор: Ертай Ашықбаев

АНА ҚҰСТЫҢ АҚЫЛЫ

Қайда шіркей,
қайда дән —
Ізде.
Қосыл жорыққа.
Қанатыңды пайдалан,
Ұш,
ұша ғой,
қорықпа!
Өтсе де сан күн,
апта,
Ерінбе,
ұш алысқа.
...Әдепті бол бірақ та,
Ұшақпенен жарыспа!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу