Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  97


Автор: Ертай Ашықбаев

ГАЗЕТ РЕДАКТОРЫНА ХАТ

Бұл хатты Сіз аласыз
Деп:
«Тағы да ақын ба?»
Білесіз бе, аға, Сіз,
Біздің сынып хақында?
Деп ем:
«Өлең жазамын
Өз сыныбым туралы».
Айтып мысқыл-мазағын
Көрші сынып шулады.
Қостады тек достарым:
«Ақын болсаң —
несі мін.
Бұзылмасын жоспарың,
Өзгермесін шешімің».
Жасық болу —
ол да мін,
Жайым да жоқ мақтанар.
Сөйтіп Сізге жолдадым
Осындай бір хат-хабар.
Демей:
«Бұл да ақын ба?» —
Оқыңызшы төзіммен.
Өз сыныбым хақында
Өлең жаздым өзім мен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу