Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  112


Автор: Ертай Ашықбаев

Күн мен түн

Торғайлар ән салады,
Бұлт әзір тарамайды.
...Келеді таң самалы —
ҚАЛАНЫ АРАЛАЙДЫ.
Тал, шыбық тербеледі,
Жұтады нәр-арайды.
...Түс ауды.
Жел келеді —
ҚАЛАНЫ АРАЛАЙДЫ.
...Кеш.
Дабыр шектеледі,
Үйді ұйқы жағалайды.
Сап-салқын леп келеді —
ҚАЛАНЫ АРАЛАЙДЫ.
Су суып,
айдын мұздар,
Қымтанар қарағай да.
...Келеді Ай, Жұлдыздар.
...(ҚАЛАНЫ АРАЛАЙ МА?)




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу