Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  189


Автор: Ертай Ашықбаев

ДИКТАНТ. ДОСТЫҚ КӨМЕК

Неге бекер сенделгем,
Бос жүгіріп,
ағып тер?
Бұдан былай,
сендермен
Дос болайын,
әріптер!
Озық білім-кемемді
Көрсін үміт күткен ел.
Дос болайын мен енді
Өздеріңмен,
нүктелер!
Қалам алсақ,
қараңыз,
Жүрек тағы лүпілдер.
Айырылмастай арамыз
Дос болайық,
үтірлер!
Келіңдер,
дос болыңдар,
Шеттетпейміз,
сеніңдер.
...Ал, дәптерге қоныңдар,
Достық көмек беріңдер!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу