Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  127


Автор: Төреғали Тәшенов

СЕРГЕЙ ЕСЕНИННІҢ ПОРТРЕТІНЕ

Ей, орыстың ерке ақыны, қалайсыз,
Тіршілікті тәтті мұңға балайсыз.
Жұрт жабылып жуасыта алмаған,
Жанарымен мас адамның қарайсыз.
Тәттіге де, ащыға да қанбаған,
Тегі мұңшыл жүзіңізге таң қалам.
Сіз итті де алдамапсыз, сонда да
Ит-адамдар ізіңізден қалмаған.
Сізді армансыз жүзді дейді, Есенин,
«Неге ерте өмір үзді, – дейді, – Есенин?».
Артық кетсем кешіріңіз... құрметпен
қол қоюшы – Төреғали Тәшенин.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу