Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  115


Автор: Төреғали Тәшенов

Сағымдай еріп сар дала...

Сағымдай еріп сар дала,
Жазылып жатқан қыр мынау.
Жүректі қағып құр ғана,
Жазылмай жүрген жыр мынау.
Қыздырды бүгін қырды Күн,
Жоғалды көзден жылап қар.
Бой бермей үзіп шылбырын,
Суырылып шықты бұлақтар.
Дөңгелеп дүние, түз-қырат,
Даланы бір от маздатты.
Жусанның иісі бұрқырап,
Сағынышымды боздатты...
Шыға алмай қалған бозторғай,
Шырмалып күйге мың бұрау,
Жазылып жатқан қыр мынау,
Жазылмай жүрген жыр мынау




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу