Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  81


Автор: Төреғали Тәшенов

Көсем қағып көк жүзінде сырғанар....

Көсем қағып көк жүзінде сырғанар,
Көктің құсы, көк тұңғышы – тырналар.
Көк суырған, көп суынған көзіммен
Күтіп жүрмін көктем жақтан бір хабар.
Тірлігіме тіреу болған бұл бір сын,
Қайран, жүрек, ғашық жанға ділгірсің,
Маңған бұлттан мағына іздеп жүргенде
Мазақ қылып кеткен шығар, кім білсін?..
Алғы күннен алау үміт үзбеумен,
Жылынады шыны көз бен мұз кеудем,
Жапырақтың көлеңкесі түссе де
Жаурайтұғын жүрегіңді іздеумен...
Көсем қағып көк жүзінде сырғанар,
Көктің құсы, көк тұңғышы – тырналар.
Көк суырған, көп суынған көзіммен
Күтіп жүрмін көктем жақтан бір хабар




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу