Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  106


Автор: Төреғали Тәшенов

ҚҰМЫРСҚАҒА

Уа, Құмырсқа, атың енген Құранға,
Сүлейменге таптатқан жоқ бір Алла!
Тау мен теңіз
шәк келтіріп, шаршапты,
Пірәдарым, сендегі шек – шыдамға.
Тақ Сүлеймен қолын кері қайырған
Сенің де жоқ сүйген құлдан айырмаң.
Илеуіңе иген басын Хазірет,
Хақ Тағала хабар беріп жайыңнан.
Уа, Тақсырым,
Тура жолды жұртыңнан...
Тағзым еткен Тәңіріге мұртыңнан,
Тарап жатыр дүниеге тағылым
Білім жиған біттәй бітім – тұрқыңнан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу